Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ЕАЭО елдеріне баратын экспорт көлемін 30%-ға азайтты

Қазақстан ЕАЭО елдеріне баратын экспорт көлемін 30%-ға азайтты

2015 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне (ЕАЭО) шығарған экспорты 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 31,1%-ға немесе 1,308 млрд доллардан 901,6 млн долларға дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіндегі статистиа комитетінің ресми сайтында жазылған.

Қазақстанның осы жылдың бірінші тоқсанындағы ЕАЭО елдерімен өзара сауда көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 21% яғни 4,34 млрд доллардан 3,43 млрд долларға дейін төмендеді. 2015 жылдың алғашқы 3 айында елімізге 2,53 млрд доллардың тауары кіргізілген. Бұл өткен жылға қарағанда 16,5% аз. Армениядан Қазақстанға келетін импорт 60%-ға азайды. 2014 жылы елімізге Армениядан 2,1 млн доллардың тауары кіргізілсе, 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 0,8 млн доллар тауары келген. "ЕАЭО елдерінен көбінде машина және құрылғылар (жалпы импорттың 32%-ы), минералды өнімдер (17,7%), металл және металлдан жасалған бұйымдар (13,4%), химиялық өндіріс тауарлары (12,7%), дайын азық-түлік тауарлары (12,5%) келеді", - деп хабарлады комитеттен. Өз кезегінде, Қазақстанның экспорт құрылымында көбіне минералды өнімдер (49,4%), химиялық өндіріс тауарлары (20%), металл және металлдан бұйымдар (18,9%) және дайын азық-түлік тауарлары (3,9%) тасымалданады.

Похожие материалы