Алматы. 9 наурыз. 7kun.kz — Өткен жылы Қазақстандағы кәсіпорындар ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бөлінетін шығындарын барынша қысқартқан. Бұл туралы Finprom сараптамалық порталы хабарлайды.
2016 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына 241 млрд теңге бөлінген (мемлекеттік секторды есептемегенде). Бұл 2015 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 85,6 млрд теңге немесе 26 пайызға аз.
Басқаларға қарағанда автоматтандыруға көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары көбірек көңіл бөліп, 52 млрд теңге жұмсады. 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 23 пайызға немесе 15,6 млрд теңгеге аз. Экономиканың нашарлауына қарамастан ритейлерлер онлайнда белсенді жұмыс істейді дейді сарапшылар.
Өткен жылы бұл сектордағы қаржысын көбірек қысқартқан транспорт-логистика секторы. Бір жыл ішінде автоматтандыруға 20,3 млрд теңге жұмсалған.
Аймақ бойынша қарағанда Астана қаласы (-60,4 млрд теңге) және Атырау (-33 млрд теңге), Қызылорда облыстарының (-9 млрд теңге) кәсіпкерлері ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бөлінетін қаржыны көбірек қысқартты.
Ал ШҚО (+7 млрд теңге), БҚО (+4,3 млрд теңге) және Алматы (+2,4 млрд теңге) кәсіпорындары жаңа компьютерлер мен басқа да гаджет сатып алуға ең көп сома жұмсады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024