Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан елдердің өркендеуі халықаралық рейтингісінде 11-позицияға көтеріліп, 72-орынға ие болды, деп хабарлады LS.
The Legatum Prosperity Index–не сәйкес, елдің ең жақсы көрсеткіші – білім беру саласында (35-орын). Ал ең төменгі көрсеткіш – жеке бас бостандығы (128 орын). Елдің экономикалық сапасы 46-орында, іскерлік ортада-53-орын. Мемлекеттік басқару - 99-орын, денсаулық сақтау - 60-орын, елді қорғау мен қауіпсіздік көрсеткіштері - 55-орын, әлеуметтік капитал – 85-орын, экология – 95–орын.
Жалпы рейтингте Қазақстан Қырғыстанды (82-орын), Қытайды (90-орын) және Ресейді (101-орын) басып озды. Сондай-ақ, Армения (96-орын) мен Беларусті де (95-орын).
Ал үздік елдердің қатарына Норвегия, Жаңа Зеландия және Финляндия кірді. Ал рейтингтің ең соңында Судан(147-орын), Орталық Африка Республикасы(148-орын) және Иемен(149-орын) орналасты.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024