Қазақстан Еуропаға биенің сүтінен жасалған құрғақ ұнтақты экспорттайтын болды. Бұл туралы "ҚазАгроҚаржы" баспасөз қызметі хабарлайды.
Қарағанды облысында биенің сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру мақсатында жылқы фермасы іске қосылды. Жылына 10 тонна құрғақ ұнтақты Қазақстанның тамақ, фармацевтикалық және косметологиялық өнеркәсіптерінде пайдаланылатын, сондай-ақ Евроодақ елдеріне экспортталатын құрғақ ұнтақ өндіретін болады. Жобаның жалпы құны – 1 439 163 мың теңге. "2015 жылдың тамыз айынан бері бие сүтінен құрғақ ұнтақтың бір тоннадан артық алғашқы партиясы өндірілді. Өнімнің көпшілік бөлігіне ендігі сатып алушылар табылып та қойылды", - делінген "ҚазАгроҚаржы"хаюарламасында. Бүгінгі таңда шаруашылықта 1300 бас негізгі мал табыны бар. Жайылым жерлерінің жалпы алаңы 24,5 мың гектар, егістік жерлері 11 мың гектардан асады, суармалы жерлері 1,5 гектар. Жобаның шеңберінде ғимараттардың, басқа да қажетті инфрақұрылымдардың құрылыстары жүзеге асырылған, биенің таза сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін технологиялық жабдық, техника мен биологиялық активтер сатылып алынған. Жобаның қуаты - жылына 10 тонна құрғақ ұнтақты Қазақстанның тамақ, фармацевтикалық және косметологиялық өнеркәсіптерінде пайдаланылатын, сондай-ақ Евроодақ елдеріне экспортталатын құрғақ ұнтақ өндіру болып отыр. Фото: baq.kz сайтынан алынды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024