
Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - Қазақстан Жаһандық инновация рейтингінде 4 орынға жоғары ілгеріледі.
2018 жылғы индексте еліміз 31,4 баллмен 74-орында. Бір жыл бұрын Қазақстан 78-орында болатын.
Ескеретін жайт, IT-хаб роліне үміткер Белоруссия рейтингтің 86-орнында, ал Қырғызстан 94-ші.
Көршілес Ресей болса, Қазақстаннан едәуір алда. Ол Жаһандық инновациялар рейтингінде 46-орынды иеленді.
Тізімнің алғашқы бестігін Швейцария, Нидерланд, Швеция, Ұлыбритания, Сингапур бастап тұр. Ал Йемен, Того, Буркина Фасо, Кот-д-Ивуар, Нигер рейтингті аяқтады.