Экономика
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» халықаралық қауымдастықта Орталық Азия мен Кавказдың өкілі болып сайланды
Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының атынан Орталық Азия және Кавказ елдерінің уәкілетті өкілі болып бірауыздан Мухамеджанов Адиль Бектасович сайланды, деп хабарлайды Мanifestum.
Конференциядағы панельдік талқылаулар қорытындысы бойынша Жапония, Корея, Қазақстан, Үндістан, Әзірбайжан, Малайзия, Кения, Ямайка, Моңғолия, Алжир, Қырғызстан, Танзания, Нигерия және де басқа елдердің мамандары Қайталама ипотека нарығы операторларының халықаралық қауымдастығы мекемесі туралы шешім қабылдады. Қауымдастықты құрудың мақсаты - тұрғын үйді қаржыландырудың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тәжірибе алмасу және бірлесіп шешімдер табу.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 2018 жылы 30 мамырдан бастап 1 маусым аралығында Вашингтонда өткен тұрғын үйлерді қаржыландыру бойынша конфренцияға қатысты. 8-ші халықаралық жиын «Үлгіні бұзу - қолжетімді тұрғын үйді қаржыландыру үшін жаңа идеялар» тақырыбында өткен еді.
Бүкіләлемдік банк бастамасымен өткен конференцияға 20-дан астам елдің мамандары болды. Конференцияның негізгі тақырыбы – халықтың қалың жігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және ипотекалық несиелендірудің инновациялық тәсілдерін қолдану бойынша өзекті мәселелерді қарау еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024