Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан үкіметі мен мемлекеттік органдар басшылары отставкаға кетті

Қазақстан үкіметі мен мемлекеттік органдар басшылары отставкаға кетті

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы үкіметі өкілеттілігінің тоқтатылуына байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына  сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы" жарлыққа да қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар  тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Премьер-министр сайтында үкімет мүшелерінің қайта сайланған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бағытталған өкілеттікті доғару туралы жазбаша мәлімдемеге қол қойғандығы туралы хабарланды.

Қазіргі үкімет 2014 жылдың сәуір айында жасақталған болатын. Кәрім Мәсімов өткен жылдың 2 сәуірінде премьер-министр болып тағайындалған-ды.

Похожие материалы