Чехия Республикасының Пардубице қаласында тоғызқұмалақтан компьютер бағдарламалары бойынша әлем чемпионатында қазақстандық команда І орын иеленді. Дүниежүзілік дода осымен 3-рет өтіп отыр деп хабарлайды Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметінен.
17-19 шілде аралығындағы болған чемпионатта Ернар Шамбаев, Диана Кенина және Серік Ақтаевтан құралған топтың бағдарламасы 6 ұпай жинап, жеңіске жетті. ІІ орын - Қырғызстан елінің авторларының бағдарламасы иеленсе, ІІІ орынға Чехия Республикасының авторлары дайындаған бағдарламасы лайық деп танылды. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және тоғызқұмалақтан Чехия Республикасының федерациясы халықаралық деңгейде насихат жүргізу үшін зияткерлік ойындарды жазатын әлемнің үздік программистерін тартуға ден беруде. Ақпарат көзі: "Қазақпарат"Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024