Бірқатар қазақстандық компаниялар жүктерді темір жол арқылы тасымалдау кезінде жеңілдіктерге ие болды деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
2014 жылдың қорытындысы бойынша жүктерді тасымалдауға қатысты уақытша жеңілдіктер "ССКӨБ" ("ССГПО"), "Қазақстан алюминийі", "АрселорМиттал Теміртау", "Өркен", "Тараз металлургия зауыты", "ҚазАзот", "ҚазФосфат" және "Қазмырыш" компанияларына ұсынылды.
Өз кезегінде 2015 жылы төмендетілген тарифтер KSP Steel, "Қазақстан алюминийі", «ССКӨБ», "АрселорМиттал Теміртау", "ҚазАзот" және Bapy Mining компанияларына ұсынылып отыр.
Министрліктегілер қалған кәсіпорындардың өтінімдері қарастырылып жатқандығын айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024