Экономика
Познавательный
Nissan 2020 жылдан бастап жылына бір миллионнан астам электромобиль сатады
Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Nissan компаниясы 2020 жылдан бастап жыл сайын бір миллионнан астам электромобиль сататындығы туралы мәлімдеді.
Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін жапониялық автокөлік өндіруші компания электрокөліктердің сегіз жаңа түрін ойлап табады.
"Жаңа бағымыздың негізі ретінде EV қуаттандырушылар және e-Powers технологиялары алынды",- деді Nissan компаниясының жоспарлау бойынша директоры Филлип Клейн.
Сонымен қатар, Nissan, Renoult және Mitsubishi бірігіп, 17 жаңа электромобиль шығаруды жоспарлап отыр.
Nissan-ның жаңа бағытты іске қосуына, компанияның кірісінің өсуі себеп болған. 2017 жылы жапониялық компанияның табысы 120 млрд долларды құрады.