Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" ортақ ғарыш жобасы бойынша жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Бұл туралы бейсенбі күні "Байқоңыр" айлағында журналистермен болған кездесуде "Роскосмос" басшысы Игорь Комаров мәлім етті.
"Бәйтерек" жобасына тоқталсақ, жақында қазақстандық әріптестермен бірге отырыс өткіздік. Келіссөздер аясында біршама алға жылжу бар екенін айта аламын, және де жыл соңына дейін қабылданған шешімдерді жария етеміз", - деп мәлімдеді И.Комаров. И.Комаров нақты детальдарды ашып айтпағанмен бұл жоба жалғасын табатынын уәде етті. "Бәйтерек" ракеталық ғарыш кешені 2004 жылы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ретінде бастау алды. Мақсаты - Байқоңырда экологиялық таза тасымалдаушы ракеталарды іске қосуға арналған құрылымды құру. Осы жоба іске асырылған жағдайда улы отын компонеттерін пайдаланатын "Протон" тасымалдаушы ракеталарынан бас тарту ықтималдығы бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024