Қазақстан алдағы уақытта Непалдағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге "қомақты мөлшерде" көмек көрсетпекші. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Алтай Абибуллаев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
Еске салайық, 25 сәуір күні Непалда таңертең 7,9 күштегі жер сілкінісі орын алды. Эпицентр ел астанасы Катмандудың солтүстік-батысынан 82 шақырым жерде орналасқан. Бір күннен кейін Непалда тағы 6,7 баллдық бірнеше жер сілкінісі пайда болды. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апаттан зардап шеккендер саны 6 мың адамнан асады.
Абибуллаев Қазақстан "Непал халқы мен үкіметіне жер сілкінісінің апатынан мыңдаған адамдардың қайтыс болуына байланысты шын ниеттен көңіл айтатындығын" атап өтті.
"Непал, Ресей Федерациясы үкіметіне апат аумағында қалған Қазақстан азаматтарына қамқорлық көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Өз кезегінде, Қазақстан алдағы уақыттарда Непалға қомақты түрде көмек көрсетеді", - деп атап өтілген хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024