
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Катар Мемлекетіне келді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті сапар барысында Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен келіссөздер өткізеді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің іскер және қаржы элитасы өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.