Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын жолаушылар пойыздарының билеттеріне 15 мамырдан бастап жеңілдіктер енгізіледі. Бұл жөнінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлайды.
«2015 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бағытындағы "ҚТЖ" ҰҚ АҚ мен "Федералды жолаушылар компаниясы" ААҚ пойыздарына күні мен билеттердің сатылымына байланысты жеңілдіктер енгізіледі», — делінген хабарламада. СВ категориялық вагондарда жол жүрерден 45-31 күн бұрын билет алар болсаңыз - 45 пайыз, 30 күнге дейінгі мерзім болса - 35 пайыз жеңілдікке ие боласыз. Ал, плацкарталық вагондарға 45-31 күнге дейінгі аралықта билетті алдын-ала сатып алар болсаңыз, 35 пайыз, 30 күнге дейін болса - 25 пайыз жеңілдікті қолдана аласыз. «Ел ішінде қатынайтын бағыттарға және ұйымдасқан жолаушылар тобына аталған жеңілдік қарастырылмаған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024