Қазақстанның энергетика министрлігі "Ресейден мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері" туралы министр бұйрығын дайындады. Ол құжат бойынша наурыз айынан бастап Ресейден келетін жанар-жағармай импортына 45 күнге тыйым салынады деп хабарлайды kapital.kz.
Бұл шара "Ресей Федерациясынан жеткізілетін мұнай өнімдерінің мөлшерден тыс болуына байланысты еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттардың жұмысына кедергі келуі арқылы орын алып отырған энегертикалық қауіпсіздікке байланысты" енгізіліп отыр. Министр бұйрығы наурыздың алғашқы аптасында күшіне енуі мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін екі жақтың министрлігі мұнай өнімдеруінің тасымалына байланысты келіссөздер жүргізген болатын. Энергетика министрлігі ресейлік әріптестерімен ресейлік мұнай өнімдерінің Қазақстанға импортталуын шектеу жөнінде келісімге келе алмаған еді.
Дегенмен де, ақпан айының басында ҚМГ компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев "қазір көрші елден әкелініп жатқан тауар осыған дейін жоспарланған баланс көлемінен асып жатыр. Бірақ, РФ-дан келетін мұнай өнімдеріне шектеу қою туралы нақты шешімдер қабылданады деп айта алмаймын. Меніңше, мұндай қадамдар енгізілмейді", деп мәлімдеген еді. Оның сөзінше, РФ-дан импортталатын ашық түсті мұнай өнімдері жылына 1 млн 800 мың тоннаны құрайды.
Сарапшылардың айтуынша, салынған шектеулердің жанармай бағасына әсер етуі екіталай. "Баға төмендеуі мүмкін. Себебі, біздегі сақтаулы тұрған қорды да азайтуға тырысу қажет. Мұнай өңдеуші зауыттардағы жоспар мөлшері де кемітілген жоқ. Зауыттар ішкі нарық үшін өздеріне міндеттелген көлемдерді жеткізіп тұр. Қоймалар толтырылған, сондықтан баға төмендеуі мүмкін. Біз, әрине, баға төмендеуінен ұтыламыз. Ал халық, тұтынушылар ұтады. Қандай баға беріледі, сонымен өмір сүреміз. Басқа нұсқа жоқ", деген Сауат Мыңбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024