Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 2 гидроэлектростанцияны мемлекеттік меншікке қайтарды

Қазақстан 2 гидроэлектростанцияны мемлекеттік меншікке қайтарды

Астана. 4 қазан. 7kun.kz — Қазақстан осыған дейін америкалық компанияның жекеменшігінде болған екі гидроэлектростанцияны мемлекеттік меншікке қайтарып алды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы мен американдық AES Corpоration компаниясы арасындағы 1997 жылғы 23 шілдедегі концессиялық келісімінің әрекеті 2017 жылдың 1 қазанында аяқталды.

Осыған байланысты, 2017 жылдың 2 қазанында және 2017 жылдың 3 қазанында «AES Өскемен СЭС» ЖШС және «AES Шүлбі СЭС» ЖШС - екі концессия объектісінің 100 пайыз қатысу үлестері республикалық меншікке алынды.

Өскемен су электр станциясы және Шүлбі су электр станциясы аталған компаниялардың активі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «AES Өскемен СЭС» ЖШС-нің және «AES Шүлбі СЭС» ЖШС-нің мемлекеттік қатысу үлестерін пайдалану және иелену құқығын ҚР Энергетика министрлігіне берді.

ҚР Энергетика министрі осы компаниялардың бас директоры етіп Асқар Балабатыровты тағайындады.

Асқар Балабатыров 1992 жылы Алма-Ата энергетика институтын бітірген, «KEGOC» АҚ-да, «Алматы ПауэрКонсолидэйтед» АҚ-да, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-да және «Шығыс Қазақстан ауданаралық электр желілік компаниясы» АҚ-да жұмыс істеген. Электр энергетика объектілерін басқару жұмысында айтарлықтай тәжірибе мен білімге ие.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы