Атырау. 23 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстан Теңіз кен орнындағы мұнайдың 15%-ын ішкі нарыққа бағыттауы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Ішкі нарыққа мұнайды жеткізу Өнімді бөлісу туралы келісімде қарастырылған. Оған сәйкес, мемлекет ішкі тапшылық орын алған жағдайда, қажеттілікті қанағаттандыру үшін мердігерден мұнайдың 15% дейінгі көлемін алуға құқылы», - деп хабарлаған ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, қазіргі уақытта Теңіз кен орнында шамамен 27 миллион тонна жеңіл мұнай өндіріледі. 2016 жылы кен орнында үшінші буын зауытының құрылысы басталды. Оның құрылысы аяқталған соң, Теңіздегі мұнай өндірісі жылына 37 млн тоннаға жететін болады.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарында шикізатқа деген тапшылықтың болмауына байланысты, Теңіздің барлық мұнайы экспортқа жіберіледі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024