Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан уақытша Ресей және Қырғызстан өнімдеріне тыйым салды

Қазақстан уақытша Ресей және Қырғызстан өнімдеріне тыйым салды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ресей және Қырғызстан өнімдерін уақытша кіргізу және сатуға тыйым салғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігіндегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті түсіндіргендей, зертханалық сараптама нәтижелері бірнеше рет санитарлық-эпидемиологиялық және денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттердің бұзылуын көрсетті. "Осы жылдың 8 айында жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесі бойынша, микробиология көрсеткіштеріне қатысты бірнеше мәрте санитарлық-эпидемиологиялық және денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттердің бұзылуына байланысты осындай шешім қабылданды",- деп хабарлайды министрліктен. Сырттан әкелуге тыйым салу осы жылдың 8-қыркүйегінен басталған.  Шектеу қойылған тауарлардың тізімінде «HOCHLAND» (Ресей) балқыған ірімшігі, «Преображенский» (Ресей) құймаланған ақ ірімшігі, «Кампина» (Ресей) йогуртты сусындар , «Крестьянское» (Қырғызстан) сары майы, «Верховского молочно-консервного завода»(Ресей) кәсіпорнының сүт өнімдері, «Яшкино» (Ресей) вафлиі бар.

Похожие материалы