Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан екі Молдова азаматына қарсы талап арызды Вашингтон сотына берді

Қазақстан екі Молдова азаматына қарсы талап арызды Вашингтон сотына берді

Астана. 19 қазан. 7kun.kz - Қазақстан Вашингтон сотына Молдова азаматы мен оның компаниясына қатысты талап арыз берді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы соңғы төрт жыл бойы Молдова азаматы Анатолий Стати мен оның ұлына, сондай-ақ олардың компанияларына қатысты шетелдік сот талқылауларына тартылып келеді. Стати 4 млрд доллардан астам соманы талап етіп сотқа шағым түсірген. Дауды Стокгольм қ., Швецияда қарастырған төрелік трибунал 2013 жылғы 19 желтоқсанда Статидің пайдасына шамамен 500 млн доллар тағайындады.
Қазақстан Республикасы бірден 2014 жылғы 19 наурызда «Свеа» Апелляциялық сотында аталған шешімге шағым беріп, оның күшін жоюды талап етті.
Швециялық апелляциялық процесс кезінде Республикаға Статидің Қазақстандағы қызметіне қатысты төрелік талқылаулар жөнінде мәлім болды. Олар жөнінде ақпарат алу үшін Қазақстан АҚШ-тың сот органдарына ақпаратты ашу жөніндегі өтінішхатымен жүгінді. Бұдан соң Қазақстан Латвияның құқық қорғау органдарына жүгінді. Аталған сұрау салулар қанағаттандырылып, олар Статидің көп жылдар бойы Қазақстанда кең ауқымды алаяқтық тәсімде қатысқандықтарын дәлелдейтін материалдарға әкелді.  Ашылмаған аффилиирленген тұлғалармен жасалған бірқатар мәмілелер және бұрмаланған қаржы есептері арқылы Стати жалған келісімшарттарға отырып және халықаралық төрелік трибуналдың алдында жалған куә беріп, Қазақстандағы газ өңдеу зауытын («ГӨЗ») салу құнын алаяқтық жолмен көтеріп жіберді.
Стати тарапынан орын алған алаяқтық туралы дәлелдер шведтық апелляциялық процесте қаралмай, 2016 жылғы 9 желтоқсанда «Свеа» Апелляциялық соты төрелік шешімнің күшін өзгертусіз қалдырған еді. Республика апелляцилық соттың шешіміне шағым беру мақсатында бірден Швецияның Жоғарғы сотына жүгінді.
Апелляцилық сот процесі жүріп жатқан кезде талапкерлер төрелік шешімді тану және орындау мақсатында Колумбия округінің сотына, Вашингтон, өтінішхатпен жүгінді. Республика Статидің әрекеттеріне наразылық білдіріп, АҚШ соты Статидің қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтінішхатын қабылдамай тастап, сот процесін тоқтата тұрды.
Сонымен қатар, Стати төрелік шешімді тану және орындау жөніндегі сот процесін Ұлыбританияда Англияның Жоғары сотында бастады. Қазақстан анықталған дәлелдемелерді төрелік шеішімді орындау мәселелері қарастырылып жатқан ағылшын сот процесінде бергеннен соң, сот Қазақстанның позициясын қолдады. 2017 жылғы 6 маусымда Англияның Жоғары соты Қазақстан Республикасы Стати төрелік шешімді алаяқтық жолмен алғандығы жөнінде жеткілікті дәлелдемелер келтірді деген қорытындыға келді. Ағылшын соты сот процесін тағайындап, ол қазіргі уақытта жалғасып жатыр.
Нақ осы аталған шешім шыққаннан кейін, төрелік шешімді Англияда және АҚШ-та орындауда қиындықтарға тап болып, Стати АҚШ (Нью-Йорк штаты), Швеция, Нидерланды және Люксембургтың сот органдарына ағылшын сотының шешімі жөнінде мәлімдемей, алдын-ала қамтамасыз ету шараларын қолдану үшін жүгінді. Аталған процестер екі жылға дейін немесе одан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін.
Бұл ретте Швеция мен Нидерландының сот орындаушы органдары қабылдаған қамтамасыз ету шаралары алдын-ала сипатқа ие. Қазақстан Республикасы алдын-ала шектеуге қарсы наразылық білдіріп, қамтамасыз ету шараларын жою туралы бөлек өтінішхаттар берді.
Бұдан бөлек, жоғарыда көрсетілген алаяқтық фактілері жөніндегі дәлелдің негізінде Қазақстан Республикасы АҚШ-тың Колумбия Округі бойынша Вашингтон округтік сотына Статиге қарсы АҚШ-тың Ұйымдасқан Қылмыс және Сыбайлас Жемқорлықпен Күресу туралы заңы негізінде RICO талап-арызын берді.

Похожие материалы