Экономика
Қазақстан және Әзербайжан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша «Жол картасын» қабылдады
Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz - Бакуда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысында "Жол картасы" қабылданды деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырысқа Комиссияның тең төрағалары – Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Әзербайжан Энергетика министрі Пярвиз Шахбазов, Комиссия мүшелері, сондай-ақ екі елдің сарапшылары қатысты.
Іс-шара шеңберінде тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 13 отырысында қабылданған шешімдердің жүзеге асу барысын қарастырып, екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, ауыл шаруашылық, транзиттік- көліктік, мәдени-гуманитарлық және тағы басқа салаларындағы мәселелерін талқылады.
Шахбазов отырысты ашу кезінде өткен жылдан бастап екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы оң серпін көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылғы сәуір айында Бакуға жасаған сапары аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен оны әрі қарай ілгерілету бойынша тиісті «жол картасын» әзірлеу туралы тапсырма бергенін атап өтті.
Өз кезегінде Қ.Бозумбаев Қазақстан мен Әзербайжанның сауда-экономикалық байланыстары екі ел қарым-қатынастарының негізін қалайтынын және осы қатынастарды одан әрі ұлғайту үшін транзит, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, темір жол көлік жасау, туризм және спорт салаларында үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстан делегациясының басшысы ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестік те жақсы деңгейге жеткеніне ерекше көңіл аударды.
Бұған қоса, 2017 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әзербайжанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында тараптар 2020 жылға дейін өзара сауда айналымын екі есеге көтеру мәселесін, соның ішінде екіжақты нарыққа экспортталатын тауарлар номенклатурасын ұлғайту үшін қажетті шараларды атап өтті.
Іс-шараның нәтижесінде Отырыстың қорытынды хаттамасына қол қойылды және екі ел арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша «Жол картасы» әзірленіп, қабылданды. Сонымен қатар, тараптар Үкіметаралық комиссиясының кезекті 15-отырысын 2018 жылы Астана қаласында өткізуге келісті.
Сонымен қатар, 8 желтоқсанда Бакуда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Әзербайжан Республикасының Экономика министрі Шахин Мустафаевпен кездесті.
Оның барысында тараптар экспорттық-импорттық қимадағы екіжақты сауда-экономикалық мәселелерді, транзиттік-көліктік ынтымақтастығы жайлы пікір алмасып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының өткен 14-отырысының қорытындыларын талқылады.
Бұдан басқа, Әзербайжан Министрі «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағындағы Ауыл шаруашылық өнімдерді қабылдау, сақтау және қайта өндеу бойынша логистикалық орталығын бірлесе басқару мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, тараптар мұнай көлік жасау саласындағы өзара мүмкіндіктерді қарастыруды уағдаласты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024