Экономика
Қазақстан жанармайдың заңсыз айналымынан 86 млн теңгеден астам қаржы жоғалтты
Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты бұзушылықтар көбейіп барады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Ведомсвтодан түсіндіріп кеткендей, 2018 жылдың басынан бері 88 қылмыстық іс тіркелді (2017 жылдың І жарты жылдығында 69 іс тіркелген). Осы ертте, қозғалған істің 50%-дан астам сотқа дейінгі іс өндіріспен аяқталды.
«Келтірілген залал 86,6 млн теңгені құрады. Бүгінде оның 37,2 млн теңгесі өндірілді», - деп түсіндірді МКК.
Сонымен қатар, соңғы жарты жылдықта 10,6 мың тонна дизельді отын, 388 тонна бензин, 11 мың литр қозғалтқыш майы, 1,2 мың тонна сұйытылған газ, 4,8 тонна авиациалық жермай, 20,6 мың кг қозғалтқыш отыны, 77,3 мың кг битум тәркіленді.