Астана. 6 қыркүйек. 7kun.kz — Бұл туралы бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Польша президенті Анджей Дудамен бірлескен мәлімдеме жасау барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан нарығында Польша іскерлік топтарының саны артып келеді. Бізде әсіресе ауыл шаруашылығы, энергетика, химия, көлік, құрылыс салаларында 115 поляк кәсіпорны жұмыс істейді. Азия мен Еуропа арасында жүк тасымалдау мәселесінде Қазақстан мен Польшаның көлік-транзит әлеуеті алдымызда тұрған міндет», - деді Елбасы.
Форумда Қазақстан мен Польшаның бірқатар компаниялары арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Олар, Павлодар облысында "Агроқалашық" бағдарламасын іске асыру, "KazakhInvest" пен "PolPharma" арасындағы ынтымақтастық, "Қазпошта" мен "Польша поштасы" арасындағы әріптестік, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен PTAK Warsaw EXPO арасында байланыс орнату және басқа да барлығы 10 құжат рәсімделді.
Сонымен қатар, поляк кәсіпкерлері Астананың маңайына алып жылыжай салуды жоспарлап отыр.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024