Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 2015-жылы 15 тонна алтын өндіріледі

Қазақстанда 2015-жылы 15 тонна алтын өндіріледі

Қазақстандық мемлекеттік “Тау-кен Алтын” ЖШС аффинаждық кәсіпорны стандартты құймадағы алтын көлемін 2015-жылы 15 тоннаға дейін көбейтеді. Бұл туралы кәсіпорын директоры Мейрамғали Тілеужанов хабарлады деп жазады Kapital.kz.

“Біз кәсіпорынды 2014-жылдың қаңтарында іске қостық. Содан бері 10 тонна химиялық таза алтынды мемлекетке жөнелттік. Осы жылы 4 тонна алтын тазартылып, межені 15 тоннаға жеткізу жоспарда бар. Шикізат үздіксіз келіп тұрған жағдайда біз өнім көлемін жылына 70 тоннаға дейін жеткізе аламыз. Әзірге өңдеп жатқанымыз тек қазақстандық шикізат қана. Қымбат бағалы металды сатып алу құқығы Ұлттық банкке берілген. Банкпен арамызда үш жылдық келісім-шартымыз бар. 2017-жылға дейін Ұлттық банк біздің өнімдерімізді пайдаланатын болады. Бұл біз үшін кепілдендірілген кіріс көзі” – деді М.Тілеужанов. Бұған дейін Астанада “Самұрық Тау-кен” холдингінің аффинажды зауыты шетелден шикізат тасымалдау және өңдеуге келіссөздер жүргізген болатын. “Біз Ауғанстан министріне, Қырғызстаннан келген үкімет өкіліне кәсіпорынымызды көрсетеміз. Жобамызды Иран өкіліне, Тәжікстанға да ұсындық. Келіссөз нәтижелі болады деген үмітіміз бар. Өйткені Ресеймен жасаған алғашқы келісім-шартымызға қол қойылды” – деді Индустрия және даму министрлігінің индустрия комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов Астанада өткен Astana Mining & Metallurgy конгресінде. Сонымен қатар, конгрессте Қазақстанда аффинаж зауытын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 2014-жылдың маусымынан бастап, өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың қалдықтарын,құрамында қымбат бағалы металдары бар шикізатты шетелге шығаруға тыйым салынғаны және сол тыйымның 2015-жылдың аяғына дейін сақталатыны айтылды.

Похожие материалы