Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 2018 жылдың ортасына қарай онлайн-сақтандыру енгізілуі мүмкін

Қазақстанда 2018 жылдың ортасына қарай онлайн-сақтандыру енгізілуі мүмкін
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz -  Сақтандыру компаниялары «Сақтандыру мен сақтандыру қызметі мәселелері бойынша кейбір заң актлеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының қабылдануын күтіп отыр. Бұл туралы «Коммеск-Өмір» СК» АҚ басқарма төрағасы Олег Ханин БАҚ-на берген сұхбатында айтты. «Қазір парламенттің бюджет жәні қаржы жөніндегі комитетінің қаруында жатқан заң жобасы сақтандыру саласын онлайнға өткізу мәселесін қарастырады. Жақын уақытта бірінші оқылым өтеді. Біз заң сәуір-мамыр айларында қабылданады деп күтіп отырмыз, егер ондағы нормалар кері қайтарылмаса, жаздың ортасына қарай Қазақстанда онлайн сақтандыру енгізіледі"»,- дейді Олег Ханин. Оның айтуынша, сақтандыру компаниялары онлайн-кеңес беру, шарттар туралы ақпарат алу үшін чат боттарды пайдаланып, сондай-ақ қашықтықтан медициналық кеңес беруді бастайды. «Алайда сақтандырушылар негізінен ескіше жұмыс істей береді, технологияларды дамытуға заң тарапынан кедергі туындауда. Сақтандыру компанияларының электронды үкіметпен ықпалдасуының жоқтығынан құжаттарды жинау сынды типтік операциялар қолмен жүзеге асырылады», -дейді Олег Ханин.

Похожие материалы