Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 38,527 млн тонна мұнай өндірілген

Қазақстанда 38,527 млн тонна мұнай өндірілген

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусымында 38,527 млн тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,6% көп, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Есептік кезеңде газ конденсаты 6,629 млн тонна (былтырғы жылдың қаңтар-маусымынан 0,9 пайызға аз), табиғи газ - 28,516 млрд текше метр (+8,6 пайыз), көмір - 55,014 млн тонна (+4,5 пайыз), темір рудалары - 20,945 млн тонна (+4,5 пайыз), жез рудалары - 49,975 млн тонна (+3,6 , пайыз), құрамында алтыны бар рудалар 10,335 млн тонна (+11,7 пайыз), хром қоспасы - 2,353 млн тонна (+6,4 пайыз) көлемінде өндірілді.

Похожие материалы