Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 6 айда 14 мың автокөлік құралы шығарылды

Қазақстанда 6 айда 14 мың автокөлік құралы шығарылды

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 88,3 млрд теңгені құрайтын сомаға 14 660 бірлік автокөлік құралы шығарылды. Шығару көлемі заттай мәнде өткен жылғы көрсеткіштен 67,2%-ға асты, деп хабарлайды «КазАвтоПром» одағының баспасөз қызметі.

Автобус техникасын шығару биыл  6 ай ішінде 2 есеге қысқарды. Жүк автомобильдерінің өндірісі  2017 жылғы көрсеткіштің деңгейінде сақталды. Мамандандырылған автомеханиканы шығару 46 бірліктен 86 бірлік тіркемеге дейін – 145 бірліктен 210 бірлікке дейін ұлғайды.

2018 жылдың маусымының нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2 791 бірлік автокөлік құралдары шықты, бұл 2017 жылғы нәтижелерден (1 815 бірл) 53,8%-ға жоғары.

Биылғы 6 айдың қорытындылары бойынша отандық автозауыттар өткізген автокөлік құралдарының саны 12 851 бірлікке жетті, бұл өткен жылғы мәннен (7 729 бірл) 66,3%-ға жоғары.

Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 36,9% қарағанда 47,3%-ға дейін ұлғайды.

Жергілікті жерде құрастырылған автомобильдер сегментіндегі үстем жайғасым «АЗИЯ АВТО» АҚ-ға тиесілі – 7 298 автомобиль сатылды немесе өткізілген отандық техниканың қосынды санының 56,8% құрайды.

«СарыарқаАвтоөнеркәсіп» ЖШС 4 913 бірлік автокөлікті өткізді (сегменттегі үлесі – 38,2%). Отандық автоөндірушілер өнімін өткізу рейтингінде одан әрі «СемАЗ» ЖШС, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Hyundai Trans Auto» ЖШС және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС жайғасты. Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің сұранысқа анағұрлым ие бестігіне I жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Lada (5 703 бірл.), Hyundai (3 206 бірл.), KIA (1 248 бірл.), JAC (642 бірл.) және Ravon (537 бірл.) кірді. Отандық кәсіпрындар ұсынатын маркалардың тізіміне сондай-ақ Chevrolet (463 бірл.), Skoda (221 бірл.), Peugeot (104 бірл.) және SsangYong (7 бірл.) кірді.

Похожие материалы