Алматы. 24 наурыз. 7kun.kz - Ақпан айының қорытындысына сәйкес, 1 жылдың ішінде коньяк өндірісі - 78, ликер өнімдері - 55, сыра - 39, арақ - 15, шарап 14 пайызға өсті, тек минералды су өндірісі ғана 5 пайызға төмендеді. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Бір жылдың ішінде арақтың бағасы - 12, ал ауызсу 7 пайызға қымбаттаған. Қаңтар-ақпан аралығында шырын өндірісі ақшалай мәнде 31,8 млрд теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,8 пайызға жоғары болды. 2016 жылдың қорытындысында қазақстандық өндірушілер арақ пен ликер өнімдеріне сұранысты 87,5 пайызға қамтамасыз етті.
Шығарылған өнімдердің 99,4 пайызы ішкі нарықта сатылған. Ал жергілікті компаниялардың шараптары сұраныстың 58 пайызын жауып, шығарылған өнімнің 97,9 пайызы ішкі нарықта саудаланды. Қазақстандық кәсіпорындар сыра нарығының 77,1 пайызын жауып отыр. Бұл ретте шығарылған өнімнің 77,1 пайызы ішкі нарықта сатылса, 29,1 пайызы экспортқа жөнелтілген.
Жергілікті кәсіпорындар минералды сулар мен алкогольсыз өнімдер сұранысының 93,5 пайызын қанағаттандыруда. Қазақстанда шығарылған сусындардың 93,7 пайызы ғана ішкі нарықта саудаланып, тек 6,3 пайызы ғана сыртта сатылған. Қаңтар-ақпан айларында коньяк өндірісі 77,6 пайызға артып, 1,35 млн литрді, ликер 54,8 пайызға өсіп, 371,3 мың литрді, сыра 39,1 пайызға артық шығарылып, 60,89 млн литрді, шарап 14,4 пайызға өсіп, 5,41 млн литрді, арақ өндірісі 15 пайызға артып, 4,08 млн литрді құрады.
Минералды және газдалған су өндірісі керісінше бір жылдың ішінде 5,3 пайызға (59,67 млн. литр) кеміп отыр. Дегенмен, өзге алкогольсіз өнімдер өндірісі 7,4 пайызға өсіп, 126,94 литр болды. Ақпан айының қорытындысында Қазақстанда ауыз судың бөлшек саудадағы бағасы литріне 76,1 теңгені құрады. 1 жылда 6,8 пайызға қымбаттады. Ірі қалалар мен мегаполистердің арасында судың 1 литрі Алматыда 86 теңгені құрап, ең жоғары мәнге ие болып отыр. Ал арақ 1 жылда 11,7 пайызға қымбаттап, литріне 2169,3 теңгені құрады. Арақтың ең қымбат бағасы Астанада тіркелген, онда 1 литр арақтың құны 2807 теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024