Алматы. 27 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанда баспанаға кезекте тұрғандардың саны 2,5 млн адамнан асты. 2017 жылдың жарты жылдығында қазақстандықтар 155 млрд теңге ипотека алса, оның 117 миллиарды «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы берілген. Бұл туралы khabar.kz хабарлайды.
Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Склярдың сөзінше, 2015-2016 жылда 19 мың 200 пәтер арзан бағамен берілсе, 2017 жылы мұндай пәтерлердің саны 15 мыңнан асады. Аймақтарда бір шаршы метрі 140 мыңнан, ал Астана, Алматы, Атырау мен Ақтауда 180 мың теңгеден аспайды.
"Қазір банк «Нұрлы жер» бойынша кредиттеуді бастады. Ол үшін 22 млрд теңге бөлінді. Ол жерде пайыздық мөлшер 5 пайыздан аспайды",- деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024