Алматы. 25-қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда 2017 жылы бидай мен ұн тиеу көлемі 12,1 млн тоннаны құрады (8 917,5 мың тонна бидай және 3 216,6 мың тонна ұн). Бұл 2016 жылдың деңгейінен 6,1 пайызға артық. Республика аумағында ең үлкен өсім ұнды тиеу көрсеткішіне тиесілі, яғни 866,1 мың тонна, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
2017 жылы Ақтау порты арқылы 995 мың тонна бидай артылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық.
Қажетті теміржол жылжымалы құрамамен қамтамасыз ету мақсатымен, арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Соған сәйкес, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктері жанында бидай мен ұнды тасымалдау бойынша іс-әрекетті үйлестіру жөніндегі жедел штабтар құрылды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024