Астана. 7 қыркүйек. 7kun.kz – «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Microsoft компаниясы стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумаға қол қойды. Құжатқа Microsoft Қазақстан Бас директорының м.а. Алия Назаркасимова мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов қол қойды. Бұл туралы қаржы орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Меморандум тараптарға Қазақстанда блокчейн-технологиялар нарығының дамуы үшін күш біріктіруге мүмкіндік беріп, АХҚО базасында Блокчейн Инновациялық орталығын құрылатынын хабар етеді, оның қызметінің мақсаты – стартап-жобаларға бастама болатын және оларды дамытуға арналған тиімді алаң құру.
Келісілген бастамалар аясында тараптар блокчейн технологияларына арналған білім беру семинарлары-зертханаларының сериясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Семинарға қатысушылар технологиялар туралы теориялық білім алып қана қоймай, Microsoft-тың тәжірибелі менторларының басшылығымен өз идеяларын іске асыру үшін алғаш атқарымдарын да жасап шығарады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024