Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — 2017 жылы қаңтар-қазанда Қазақстанда 59,4 млрд теңгеге фармацевтикалық өнімдер өндірілді, деп хабарлайды LS.
Өткен жылмен салыстырғанда өндіріс 37,3 пайызға өсті. Сондай-ақ, он ай ішінде 26,2 млн кг дәрі-дәрмектер өндірілді. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 78,7 пайызға артты.
Басқа фармацевтикалық өнімдер 196,8 мың кг құрады (бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға кем).
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде импорт 85,8 пайызды құраған уақытта антибиотиктерді тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 14,2 пайыз болды. Сонымен бірге республикадағы басқа да дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық өнімдер 52,5 пайызды құраған болса, 47,5 пайыз шетелдіктерден импортталды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024