Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстанда Aladdin Street электронды платформасы іске қосылады. Онда Орта Азия елдері бойынша халал стандарттағы өнімдер сатылады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Aladdin Street Central Asia бас директоры Алмаз Тубековтың есептеуінше, 2018 жылдың соңына таман компания 4,2 млн қазақстандықты тартуы тиіс. Ал 2020 жылға дейін Орта Азия бойынша, онлайн-дүкен тұтынушыларының саны 68 млн адамға жетеді. "Біздің платформаға қызығушылық танытқан қазақстандық өндіруші компаниялар мен қоғамдық тамақтану пунктілері бар. Бұл тұрғыда бізге Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қолдау көрсетеді. Менің ойымша, 2018 жылы біз бұл серіктестіктің шынайы нәтижесін көреміз", - деді Тубеков.
Компания өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, халал халықаралық нарығы 2,3 трлн долларға бағаланған. Болжам бойынша, 2019 жылы бұл көрсеткіш 3,7 тлрн долларға жетеді.
Айта кетейік, Aladdin Street алаңы - премиум-класс санатындағы өнімдер сататын әлемдегі алғашқы халал интернет-дүкен. Онда ет өнімдері, косметика, дәрілік препараттар саудаланады. Платформаны әлемнің 30 мемлекеті пайдалана алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024