Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz - 2017 жылдың шілдесінде қазақстандықтардың шынайы қаржылай табысы 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендеді. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Статистика комитетінің мәліметінше, орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шілдеде 3,5 пайызға өсіп, 77,3 мың теңгені құрады. 2017 жылдың тамызында бір жұмысшының орташа айлық номиналды жалақысы 148,2 мың теңгені құрады.
Жұмыссыздар саны 437 мың адам болған (жұмыс күшінің 4,9 пайызы). Ал тамыздың соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 143,8 мың адам (1,6%) болды.
2017 жылдың тамызында тұтынушы бағасының индексі 2016 жылдың желтоқсанымен салыстығанда 3,9 пайызға өскен. Азық-түлік тауарлары 3,6 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар 4,2 пайызға, ақылы қызметтер 4 пайызға қымбаттады. Өндіруші кйсіпорындардың өндірістік өнімдерге қойған бағасы 5,6 пайызға артқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024