Алматы. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың көлемі қысқарып жатыр. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.
Статистика комитетінің дерегі бойынша, 2016 жылы көлеңкелі экономика ІЖӨ-нің 25,8 пайызын құраған. Ал 2015 жылы 27,5 пайызды құраса, 2013 жылы - 28 пайызды көрсеткен.
Көтерме және бөлшек сауда көлеңкелі экономиканың 2016 жылы 9,2 пайызын алған. Екінші көліктік-логистикалық жүйеде байқалады (3,9 пайыз). Керісінше ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз қызметтерін белсенді түрде заңдастырған. Бір жыл ішінде көлеңкелі экономикадағы үлесі 3,4 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендеген. Сонымен қатар жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар да қысқарған.
Қазақстандағы тауарлар мен қызметтердің бақыланбаған көлемінің деңгейі кейбір ТМД елдеріне қарағанда төмен. Бухгалтерлер мен аудиторларды оқыту және дамыту қауымдастығының зерттеулері бойынша, Ресейде көлеңкелі экономиканың үлесі - 39 пайыз, Украинада - 46 пайыз. Тізімде Әзербайжан мемлекеті көш бастап тұр. Елде көлеңкелі экономика 67 пайыз.
Алайда әлемдік деңгейде Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың деңгейі әлі де жоғары. Жалпы көлемі 23 пайызды құрап отыр.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024