Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – 2017 жылғы тамыз-қыркүйек аралығында құжат тексеру барысында ҚР аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде ҚР және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнама бұзушылықтың 19 фактісі анықталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.
Ресей Федерациясынан өнім 10 жағдайда міндетті ілеспе фитосанитарлық сертификатсыз (қызанақ - 10,2 тонна, картоп - 21 тонна, қара өрік - 0,04 тонна, қарбыз - 0,5 тонна, күріш - 0,1 тонна, банан - 1,5 тонна, кебек - 17 тонна, кесілген ағаш дайындамалары - 50 текше метр), 5 жағдайда маркировкасыз (қызанақ - 6 тонна, картоп - 44 тонна), 2 жағдайда жарамсыз сертификатпен (қызанақ - 1,5 тонна, кесілген ағаш дайындамалары - 95 текше метр) әкелінген.
Қытай Халық Республикасынан салмағы 60 тонна жер жаңғақ және 116,28 тонна күнбағыс тұқымдары фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды.
Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 278,12 тонна және 145 текше метр экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылған.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024