Қазақстанда 2015 жылдың 24 қыркүйегі күнгі жағдай бойынша бақылау-кассалық машиналар (БҚМ) арқылы 155,3 млрд теңгеге чек соғылған. Бұл жөнінде ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы Дәулет Ерғожин мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ.
«24 қыркүйек күніне дейінгі жағдай бойынша деректерді табыстайтын кассалық аппараттар арқылы 155,3 млрд теңгеге чек соғылған. Жаңа БҚМ-дер орнату жұмыстары жалғасып жатыр», — дейді Д.Ерғожин Facebook парақшасында. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Кодексінің 645-бабына сәйкес, бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, ішімдік өнімдерінің бөлшек және көтерме саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер қолма-қол ақша операциялары барысында кассалық аппараттарды қолдануға міндетті. Бұл салық органдарына жалпы қолданыстағы телекоммуникациясы желілері арқылы ақшалай есептесулер туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024