Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда әкімшілік айыппұлдар көлемі қысқарады

Қазақстанда әкімшілік айыппұлдар көлемі қысқарады

Алматы. 13 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстанда әкімшілік айыппұлдарының көлемін төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. 

Оның сөзінше, қазіргі уақытта "ҚР-ның Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" заң жобасы талқыланып жатыр.

"Министрлік мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге арнайы заң жобасын құрастырды. Жаңа өзгеріс бойынша, 150 баптағы айыппұлдар көлемін төмендету ұсынылды. Оның орнына ескерту тәрізді санкциялар берілетін баптар көбейтіледі. Заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдар көлемі 30% -ға дейін қысқарады", - деп түсіндірді М.Бекетаев.

Мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құзырына беріледі. Сондай-ақ, тіркелген жылжымайтын мүліктер туралы мәліметтерді жинақтайтын "Бірыңғай кадастр" атты ақпараттық база құрылады.

 

Похожие материалы