Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстанда металлургиялық өндіріс көлемі 3,4 триллион теңгеге дейін, яғни бір жарым есе ұлғайған. Көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 58,6%-ға артық. Бұл туралы Еnergyprom.kz агенттігі хабарлайды.
Металлургия бөлігіндегі өндіріс көлемдерінің 79,1%-ы үш облысқа тиесілі. Қарағанды облысы - 1,1 трлн теңге, ШҚО - 907 млрд теңге және Павлодар облысы 635,6 млрд қамтамасыз еткен.
Бұдан бөлек, ең көп өсімді Ақмола облысының металлургтері көрсеткен, ондағы өсім 2,2 есені құрады.