Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанда өндірілген азық-түлік өнімдерінің бағасы 8 айда 2,4 пайызға өсті. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.
2017 жылы жергілікті азық-түлік өнімдерін өндірушілер өздерінің өнімдеріне, шетелдік нарықпен салыстырғанда, бағаны көтерді. 2017 жылдың 8 айында (2016 жылғы тамыз-желтоқсан) Қазақстанда өндірілген азық-түлік өнімдерінің бағасы 2,4 пайызға өсті, ал ТМД елдерінде өндірілген өнім 1,7 пайызға, ТМД-дан тыс - 1,2 пайызға өскен.
Қазақстанда өндірілген өнімдердің ішінен 2017 жылы жаңа піскен картоп - 41,7 пайызға, жаңа піскен көкөністер – 39 пайызға, темекі өнімдері - 11,3 пайызға қымбаттаған.
Керісінше ТМД және алыс шетелдерден Қазақстанға әкелінген жаңа піскен көкөністер сәйкесінше 37,7 пайызға және 9,8 пайызға төмендеген. Жергілікті тауар өндірушілер 8 айда жұмыртқаның бағасын 31,4 пайызға, өсімдік майын 8 пайызға, жаңғақты 7,4 пайызға арзандатқан.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында азық-түлік бағаларының күрт өсуі Оңтүстік Қазақстан облысында - 7,3 пайызға, Ақтөбе облысында - 4,8 пайызға, Солтүстік Қазақстан облысында және Астанада - 4,3 пайызға тіркелді.
Азық-түлік бағасы төмендеген жалғыз аймақ – Батыс Қазақстан облысы. Қазақстанда өндірілген тауарлардың (Made in Kazakhstan) орташа бағасы 0,3 пайызды құраған.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024