Қазақстанда тауар және қызмет көрсету бағалары 2014 жылғы бағамен салыстырғанда 4,4%-ға қымбаттаған. Бұл туралы LS хабарлады.
Бір жыл ішінде ақылы қызмет көрсету 5%-ға қымбаттады. Тағамдық емес тауарлар да өз кезегінде 4,5%-ға, ал азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%-ға өскен. Осы жылғы қыркүйек айындағы инфляция тамыз айындағы инфляциямен салыстырғанда 1%-ды құрады. Бір айда тағамдық емес тауарлардың бағасы 2%-ға қымбаттаған. Азық-түлік тауарларының ішінде бағасы ең көп артқандары - банан (15,8%), қант (13,4%), жұмыртқа (10,8%), апельсиндер(6%), жаңғақтар, лимон, тауық еті т.б кіреді. Ал көкөністер(-10,9%), картоп (-8,9%), жүзім(-7%), алмұрт, алма бағалары төмендеді. Сонымен қатар, автокөліктердің есептік кезеңдегі бағасы 3,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер 2%-ға, жиһаздардың бағасы 1,8%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ, киім-кешек, аяқ-киім бағалары да өскен. Қызмет көрсету жұмыстарын атқаратын орындар ішінде теміржол тасымалы 8,6 %-ға, әуе тасымалы 4,4 %- ға көтерілген. Онымен қоса, білім алу құны 2,3%-ға және 0,5%-ға артқан. Осыған дейін ЕАЭО елдерінде азық-түлік бағасының 15%-дан аса қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024