Әлеуметтік желі қолданушылары Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында соғыс тақырыбына арналған отандық фильмдерді көре алмағандарына наразы.
Журналист Әсия Бағдәулетқызының фейсбук парақшасында жазуынша кинотеатрлардан соғыс тақырыбында бірде-бір отандық фильм көре алмайсыз.
"2015 жылы соғыстың 70 жылдығы екені биыл ғана белгілі болған жоқ. Онда неге 9 мамырда қазақ киносын көре алмадық? Ақан Сатаев соғыс туралы кино түсіріп жатыр деп “жұбатқандай” болды. Естуімізше, Тәуелсіздік күні қарсаңында шығады екен. Ал мұндай фильмдер неге ертерек жоспарланбайды? Қазір кинотеатрға барыңызшы, соғыс тақырыбындағы бірде бір отандық фильм жоқ.Есесіне қайта түсірілген “А зори здесь тихие”, Людмила Павлюченко туралы “Битва за Севастополь”, Сергей Попов дегенрежиссердің “Дорога на Берлин” деген фильмдері жүріп жатыр. Теледидарды қоссаңыз да ресейлік, қала берді кешегі кеңестік фильмдер. Әрине, бәрінде әлемді фашистерден тазартқан баяғыдай қаһарман да батыл орыс халқы туралы айтылады. Ал қазақтар не істеді сонда?", деп жазады журналист фейсбуктегі парақшасында.
Журналистің жазуынша 1967 жылғы Мәжит Бегалиннің «За нами Москва» кейін әзірге ауыз толтырып айтатын соғыс туралы картина жоқ екен.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлерінен кейін телеарналардың бағдарламаларын шолып шыққан едік. Бұл тақырыпқа жақында түсірілген бір ғана отандық фильмді байқадық. КТК телеарнасының эфирінен Ермек Тұрсынов пен Виктор Климовтің Т.Бигелдинов пен басқа да ұшқыштардың шығармалары негізінде түсірген "Жоғары құлау" фильмі ғана шығуда екен. 8 сериядан тұратын фильмді авторлары Kaspi Bank-тің қолдауымен түсіріпті.
Басқа телеарналардың эфирінен отандық фильмдерді таппаған соң, ресейлік кино әлеміне көз жүгірткенбіз. Бұл істе ҚР Мәдениет министрлігі мен "Қазақфильм" АҚ немесе басқа де жеке компаниялар ресейлік әріптестерінен үлге алса болады екен. Жеңістің 70 жылдығына орай көршілерімізде Мәдениет министрлігінің қолдауымен соғыс тақырыбына арналған 7 фильм жарыққа шығыпты. Бұлардың жалпы бюджеті 1 млрд. рубльге жақын. Мысалы: бюджеті туралы ашық ақпарат бар 6 фильмнің түсіріліміне ғана 894 млн.рубль жұмсалған. Бұл туралы rbc.ru жазды.
Агенттіктің хабарлауынша жалпы жыл басынан бері 70 жылдыққа орай Ресейде 13 әскери-патриоттық фильм түсірілген. Бұларды Ресейдің Мәдениет министрі Владимир Мединский маңызды деп атап, жеке бақылауына алғанын айтқан. Сондай-ақ ол болашақта бұл тақырыптағы фильмдерді әлемдік деңгейге көтеру қажеттігін айтқан. 70 жылдық қарсаңында Ресейде шығарылған әскери-патриоттық фильмдер:
1. «Батальонъ»
Режиссер: Дмитрий Месхиев
Бюджет:380 млн руб.
2. «А зори здесь тихие»
Режиссер: Ренат Давлетьяров
Кинокомпаниялар: «Реал Дакота», «Интерфест», Star Media
Бюджет:220 млн руб.
3. «Битва за Севастополь»
Режиссер: Сергей Мокрицкий
Кинокомпаниялар: «Кинороб», «Новые люди»
Бюджет:124 млн руб.
4. «Дорога на Берлин»
Режиссер: Сергей Попов
Кинокомпаниялар: Продюсерская компания Александра Литвинова, «Мосфильм»
Бюджет: 90 млн руб. (данные «Мосфильма»)
5. «Единичка»
Режиссер: Кирилл Белевич
Кинокомпания: «Марс Медиа»
Бюджет:80 млн руб.
6. «28 панфиловцев»
Режиссеры:Ким Дружинин, Андрей Шальопа
Кинокомпания: Libian Palette
7. «Орден»
Режиссер: Алексей Быстрицкий
Кинокомпания: «Талан»
Бюджет: мәлімет жоқ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024