Алматы. 5 қазан. 7kun.kz — 2017 жылғы қаңтар-тамызда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2016 жылғыдан 74 пайызға (589,2 млрд) көп. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Карточкамен жасалатын төлемдер POS-терминалдар арқылы жасалады. 2017 жылғы қаңтар-тамызда осындай төлемдердің үлесі 54,3 пайызды және транзакциялар саны 55,5 пайызын құрады.
Қазақстанда 2017 жылдың тамыздың соңында 120 мыңнан астам POS-терминал тіркелген. Оның ішінде 91,8 пайызы немесе 110,7 мың терминал сауда кәсіпорындарына тиесілі.
Сауда кәсіпорындарында POS-терминалдардың саны бір жыл ішінде 20,8 пайызға (19 мыңға) өскен.Айгүл Хожантаева