Астана. 20 сәуір. 7kun.kz - Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2017 тау-кен өнеркәсіп форумы өтіп жатыр. Шара аясында отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия аймағының минералды шикізат әлеуетін игеру мәселесі мен болашағын талқыланды.
Форум аясында сөз сөйлеген инвестиция және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың нәтижесі мен жетістігіне тоқталды.
Оның айтуынша, «Тәжірибе режимінде Орталық Қазақстанда Степногор қаласы маңында 100 шақырымдық аумақ таңдап алынды. Бүгінде 22 жаңа келісім бекітілді. 2017 жылы ақпан айынан Арқалық-Шұбаркөл аумағын және Шығыс Қазақстан облысын барлауға өтініш қабылдана бастады. 2 айдың ішінде 17 типтік келісімшарт жасалды. Қазақстанның жер көлемі мен жер қойнауының ауқымды әлеуетін ескерсек, ондаған ірі кен орнының ашылуы болжанып отыр. Оның ішінде бірегейлері болуы мүмкін. Қазақстанда қолға алынған реформалар аясында геологиялық барлау бағытында 11 жаңа технологияны трансферттеледі.
«Бұл технологиялар 2,5 шақырымдағы және одан тереңдегі темір рудасын зерттеуге мүмкіндік береді», – дейді Тимур Тоқтабаев.
Дереккөз: Аbctv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024