Алматы. 14 сәуір. 7kun.kz - Қазақстан кино нарығында өсім жоғары. Әсіресе, кинотеатрға барушылар саны Астана мен Алматыда еселенген. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 15 пайызға артқан. Көрермендер қатарының өсуіне билет құнының да біршама қалыпты деңгейде сақталуы себеп болса керек. Өйткені соңғы бірнеше жылда бұл сегментте баға өзгерген емес. Соған қарамастан, кинотеатрлар пайда көрмесе, шығынға батып жатқан жоқ.
Статистика комитетінің мәліметінше, қазір тек Атырау мен Петровалда билет қымбатаған. Мұнда ең арзан сеанс 1700 теңге шамасында. Бірақ бұдан көрермендер саны азаймаған. Қазір отандық кино компаниялар да жұмысын жақсартып, сапалы фильмдер ұсынып жатыр. Сауалнамаға қарағанда, кинотеатрға келішулердің 50 пайызы қазақстандық туындаларды таңдайды.
«Көрермендер категориясына қарай билеттің бірнеше бағасы бекітілген. Яғни, оның құны сұранысқа сәйкес қойылады. Алғашқы уикендте және одан кейінгі кезеңдерде деп бөлінеді. Осының арқасында, барлық аудитория қамтылып отыр. Киноның кассалық түсімі де еселенген. Бірақ әзірге билет бағасын қымбатпаймыз», - деп атап өтті кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024