Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылы қаңтар-ақпанда салық түсімдері мен төлемдерінің көлемі 1,3 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
2017 жылдың екі айындағы ұқсас көлемімен салыстырғанда кіріс 18,6 пайызға төмендеді.
Салықтың ең үлкен көлемі Алматы (325,5 млрд теңге) мен Атырау облысына (169,9 млрд теңге) тиді.
Өз кезегінде Астанада 162,8 млрд теңге, Қарағанды облысында - 99,7 млрд теңге, Алматыда - 62,2 млрд теңге жиналды.
Маңғыстау облысында кіріс 27 млрд теңге, ал БҚО-ында 43,6 млрд теңге, Ақтөбе облысында 74,8 млрд теңге, ОҚО-да 55,4 млрд теңге, ШҚО-да 52,6 млрд теңге, Павлодар облысында 55,7 млрд теңгені құрады.
Сонымен бірге, Қостанай облысында 32,2 млрд теңге, Ақмола облысында - 30,5 млрд теңге, Қызылорда облысында - 24,9 млрд ртеңге, Жамбыл облысында - 17,1 млрд теңге, СҚО-да - 14,6 млрд млрд теңге салық жиналды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!