Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда Samsung Galaxy S6 мен Galaxy S6 Edge смартфондарының таныстырылымы өтті

Қазақстанда Samsung Galaxy S6 мен Galaxy S6 Edge смартфондарының таныстырылымы өтті

Samsung Electronics Central Eurasia Қазақстанда өзінің соңғы үлгідегі Galaxy S6 және S6 Edge атты смартфондарының таныстырылымын өткізді. Таныстырылым 2-сәуір күні алматылық Rixos Almaty қонақ үйінде өтті.

Компания өкілдері смартфонның ерекшеліктерін атат өтті. Құрылғы Mobile World Congress 2015 көрмесінде GSMA мобильді операторлар қауымдастығының пікірінше үздік жаңа смартфон деп табылды.

Samsung Galaxy S6 мен Galaxy S6 Edge-нің Қазақстандағы сатылымы 17 сәуірде басталады деп күтілуде. Бағасы 159 990 және 179 990 теңгені құрайды. Сатылымға түсетін смартфондардың түстері де әр түрлі: ақ маржан, қара сапфир, жарқылдаған платина (тек қана Samsung Galaxy S6 үшін) және асыл зүмрат (тек қана Samsung Galaxy S6 Edge үшін). Galaxy S6 Edge-нің "асыл зүмрат" түсті моделі сатылымға мамыр айында түсетін болады.

 

Похожие материалы