Қазақстанда саусақ іздері арқылы төлем жүргізуге болатын жүйе ойлап табылды
Қазақстандық құрастырушылар саусақ іздері арқылы төлем жүргізуге мүмкіндік беретін жүйе жасап шығарды. Жоба бойынша, саусақ іздері қолма-қол ақшасыз төлем жасар кезде қолданушыны тануға көмектеседі.
Негізі, қолма-қол ақшасыз төлем үшін банк картасы қолданылады. Егер сатып алушы интернет-дүкендерді пайдаланатын болса, төлемді интернет-банкинг арқылы жүргізе алады. Сонымен қатар, қазір картаны ұялы телефонмен байланыстырып қоятын NFC технологиясы да еніп келеді. FinPay стартапының авторларының айтуынша, саусақ іздері арқылы төлем жүргізу үшін қосымша құрылғылар қажет емес. Бар болғаны сатушыда аталған қосымша орнатылған ұялы телефон болуы керек.
Қолданушылардың дактилоскопиялық мәліметтері жүйеде авторизациялану үшін керек. Осыдан соң ақша аудару схемасы стандартты жолдармен өрбиді. Әдеттегі картаны қолданғандағыдай, аударған қаржы банктік жүйеден тексерістен өтеді. Төлемдер тарихын ұялы телефон не компьютердің қорғалған бұлтынан көруге болады. Бұл жүйені пайдалану үшін қолданушыға алдымен тіркеліп, өзінің саусақ ізін банк картасымен байланыстыру керек.
Құрастырушылардың айтуынша, оларда қажетті жабдықтар мен мобильдік қосымша бар. Олар арқылы саусақ іздерін оқуға және банктік жүйеге сәйкес мәліметтерді өңдеуге болады. Сонымен бірге, стартап авторлары бірнеше қазақстандық банктерден технологияны тексерістен өткізуге рұқсат алған. Қосымша айта кетейік, жоба авторлары Echelon конкурсына қатысып жатыр. Және Сингапурде өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алуға үмітті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024