Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапы, ел аумағында жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшін (әрі қарай - ШЖК) тарту мақсатында 36 мың 792 рет рұқсат берген.
Олардың ішінде бірінші санатқа жататыны 2 мың 76 болса (басшылар мен олардың орынбасарлары), екінші санатқа 7 мың 43 тиесілі(құрылымдық бөлімшелердің басшылары). ШЖК тартуға рұқсаттың негізгі бөлігі үшінші (мамандар, 16 мың 811 адам) және төртінші (біліктілікке ие жұмысшылар, 8 мың 542 адам) санаттар бойынша жасалған.
Өткен жылы, шетелдік жұмыс күшін шақырған 3 мың 768 жұмыс берушіде 470 мың 398 қазақстандық азамат жұмыс істеп, бұл еңбеккерлердің жалпы санының 94 пайызын құраған.
Еңбек мигранттары келген елдердің ішінде ең алдымен Қытай (12 мың 699 адам), Түркия (3 мың 502 адам), Өзбекстан (1 мың 564 адам), Ұлыбритания (1 мың 474 адам) және Үндістан (1 мың 388 адам) мемлекеттері көзге түседі.
Еске салсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Бұған сәйкес, жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылып, жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.
Аталған шарттардан босаған жұмыс берушілер, енді салық алымдарын төлеуі тиіс. Салық көлемі, шетелдік жұмыс күшінің санаты мен сала сипатына қарай, 137-250 АЕК арасында белгіленбек, яғни 290 бен 530 мың теңге шегінде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024