Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанда тауарлар мен тұтынушылық қызмет бағасының өсуімен қатар, нақты жалақы мөлшері 2,4 пайызға кеміді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясы хабарлады.
Ал Беларусь Республикасында бұл көрсеткіш 2,3 пайызға, Қырғызстанда (қаңтар-мамыр) - 3 пайызға, Ресейде - 2,7 пайызға өскен. Арменияда өзгеріссіз қалды.
Сонымен қатар, одақтың барлық мемлекеттерінде нақты жалақы көтерілді. Одаққа мүше елдердің ұлттық статистикалық қызметінің ақпаратынша, мемлекеттер рейтингінде Қазақстанның деңгейі - соңғы орындардың бірінде (5,1 пайыз). Тек Арменияда аз көрсеткіш көрінеді - 1,3 пайыз. Қырғызстанның кірісі артқан -5,5 пайыз. Ең жоғарғы өсім Беларусь Республикасында - 9,5 пайыз. Ал Ресейде 7,2 пайызды көрсетті.
Ақшалай өрнекте Ресей тұрғындарының орташа айлық нақты жалақысы - 666 доллар. Қазақстан кіріс бағамы бойынша екінші орында - 455 доллар (150,2 мың теңге). Беларусьта жалақы - 405 доллар, Арменияда - 387 доллар, Қырғызстанда - 209 доллар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024