Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz – Жақын арада «Заман-Банкі» АҚ Ислам банкі қызметтері нарығына шығады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі қаржы нарығы методологиясы департаментінің директоры Нұрлан Абдрахманов хабарлады.
«Қарапайым банктен ислам банкіне ауысқаннан кейін, бұл банк исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес қызмет көрсетеді», - деп атап өтті Нұрлан Абдрахманов.
Еске салсақ, қазіргі уақытта Қазақстанда бір ислам банкі жұмыс істеп тұр. Ол – «Al Hilal ислам банкі» АҚ. Қаржы институты БАӘ мен Қазақстан Республикасының келісімі бойынша құрылған.
Осыған дейін 7kun.kz ислам қаржыландыру жүйесі туралы ақпарат берген болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024